Атырауда Молдағұлова көшесінің жолы жабылады

2022 08 02 crop 5 11 516x774 210425134708401a3780655i Жаңалықтар

Молдағұлова көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалады.

Атырау қалалық әкімдігі 8 маусым сағат 09:00 ден бастап С.Бейбарыс даңғылы мен Х.Нәубетов көшесі аралығында орташа жөндеу жұмыстары басталуына орай 400 метр қашықтықта жол жабылатынын хабарлайды.

Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарының айтуынша, құрылыс жұмыстары кезінде толықтай автокөлік жолының беткі асфальт қабаттары алынып, жаңадан салынады. Сонымен қатар, жоба шеңберінде жаяу жүргінші жолын салу және жол белгілерін жаңғырту жұмыстары көзделген.

Жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізілетін болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз