Атырау машина жасаудың халықаралық орталығымен ынтымақтастықты дамытады

199ea7a1 42eb 46ec 8c25 f2efad890abf Жаңалықтар

 «Атырау облысының әкімдігі мен «Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық» Қауымдастығы арасында  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Меморандумға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов пен бас директоры Марат Кәрімов қол қойды.

Бұл маңызды құжат Атырау облысында мұнай-газ машина жасау саласын дамытуда ынтымақтастық құруды көздейді. 

«Атырау облысы  мұнай-газ жабдықтарын өндіру бойынша жоғары әлеуетке ие.

58c3baf7 e532 4085 b80a 6fc0799f0254

Облыста осы салада 38 кәсіпорын                 қызмет атқаруда. Ағымдағы жылдың 9 айында машина жасау саласында 30 млрд.теңге көлемінде өнім өндірілді.Мұнай-газ секторы машина жасау өнімінің ірі тұтынушысы екендігін ескере отырып, осы саланы дамыту негізгі басымдық болып табылады»,-деген өңір басшысы Махамет Досмұхамбетов, алдағы уақытта өңірдегі өндірісте қордаланған өзекті мәселелерді шешуге  IМВС орталығы үлес қосатынына сенім білдірді.

a1e58582 74d3 4311 85e9 694a2f641dd2

Өз кезегінде,  мұнай-газ машина жасау саласын дамыту халықаралық орталығының бас директоры Марат Кәрімов орталықтың қызметімен таныстырып, оның Қазақстанда машина жасау саласын дамытуға ықпал ету бойынша жұмыстары жөнінде хабардар етті.

«НКОК, «Теңізшевройл» «Қарашығанақ» сияқты үш ірі оператордың тауар сатып алуларындағы қазақстандық үлесті ұлғайту міндеті тұр. Осы бағытта жұмыстанамыз. Соның ішінде, технологияларды трансферттеу, халықаралық стандарттарға сәйкес әлеуетті арттыру арқылы машина жасау саласын қолдау қажет»,-деді ол.

34158896 02f8 4540 b53c 42ea061f9586

Меморандум  аясында екі жақ (тараптар) Атырау облысында мұнай-газ машина жасау саласына инвестиция тарту, облыстық даму институттары арқылы мұнай-газ машина жасау жобаларына қолдау көрсету, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктерін пайдалану, басқа да бағыттарда бірлесіп жұмыс жасауды көздеп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз