Жарнама
Жаңалықтар

“Атырау-Индер”: тасжолда апат орын алды

Бүгін, 15 қазан түнгі сағат 4:00 шамасында Атырау-Индер тасжолында Ford Kuga көлігі шұңқырға түсіп, жол апаты болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікті Ресей Федерациясының 1969 жылы туған азаматы басқарған. Оқиға жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта орын алды. Автокөлікте төрт жолаушы болған. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Қазір құқық қорғау органдары тиісті құжаттарды жинақтап, тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button