Атыраулық зауыттың екінші тынысы ашылмақ

ag Жаңалықтар

Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. Құрғақ құрылыс қоспаларын өндірген «Биас Тек» зауыты осыдан тура бес жыл бұрын жұмысын тоқтатқан еді…

Енді оны өткен жылдың қазанынан бастап «Ақтау Битумы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалға алу және одан әрі сатып алу бағытында үш жақты («BIAS TECH» ЖШС, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Ақтау Битумы» ЖШС) келісімшарт жасақтады.   

Зауыт құрылтайшысы – «SAT & Co Managing Company» акционерлік қоғамы болып табылады. Қазіргі таңда бұл мекеме 14 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір зауытты қайта қалпына келтіру және сатып алу бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол іске қосылған кезде жыл сайын 100 000 тонна өнім өндіру және жүзден астам адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

Бүгінде «Қазақстан Даму Банкінің» еншілес компаниясы «БРК Лизинг» арқылы 5 жүк тасығыш техника (шахман) сатып алынуда. Сондай-ақ, жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс жасау үшін Түркиядан арнайы мамандар шақыртылып, жергілікті жұмысшыларды үйретіп жатыр.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз