Елордалық дәрігерлер Атырауда күрделі операция жасайды

871a76d57cb8148be40d4c238106a4cd xl Жаңалықтар

Атырауда 23 мен 26 мамыр аралығында астаналық дәрігерлер 20-ға жуық күрделі операция жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының білікті дәрігерлері қазірдің өзінде 5 операцияны сәтті өткерді. Өңірге арнайы барған медицина мамандары операция жасаудың жаңаша тәсілдерін жергілікті дәрігерлерге де үйретеді. Сондай-ақ емдеу және сауықтыру бойынша тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді оқытады. Алдағы 3 күн бойы нейрохирург, аллерголог, пульмонолог, онколог секілді мамандар облыс тұрғындарына практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Мыңжылқы Бердіқожаев, ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары:

– Жаңаша әдістемелер бар, солармен жергілікті мамандармен бөлісеміз. Жалпы медицина орталығының осындай күндері 4 аймақта өтті. Қазір енді бесінші аймақ. Жалпы айтқанда 600-ден астам науқасқа кеңес берілді. 85-тен астам күрделі науқасқа операция жасалды.

Ербол Иманғалиев, облыстық аурухананың бас дәрігері:

– Ми ісіктерін алу операциялары, ми қан-тамырларының анастомоздары, асқазанның резекциясы операциялары жүріп жатыр. Травматологтар эндопротездеу, тізе буынын эндопротездеу операциялары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар келген мамандар осы аурухана базасында қызмет көрсетіп жатыр. 2 травмотолог, 2 гинеколог, 3 нейрохирург келді.


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз