Жаңалықтар
Атырау- Индер тас жолы жабық
17 желтоқсан күні сағат 15:40-тан бастап ауа-райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар Атырау-Индер тас жолының 17-170 шақырым аралығында көлік құралдарының барлық түрлеріне шектеу енгізілді.
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлады.
“Облыс аумағында қалың қар түсіп, көктайғақ болуына байланысты барлық жол қозғалысына қатысушылардан жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз” деп жазылған хабарламада.