photo 314336

Атырау «сары аймақта»: бір тәулікте 40 адамнан коронавирус анықталды

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар
9 / 100

Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақта.

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан

4 адам тіркелген. Теңіз кенішінде 35 адам болса, Құрманғазы ауданында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 7 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 27 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 101 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 67 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 18 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 263 адам ем қабылдауда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған