ЖаңалықтарЭкология

Атырау энтомологтары масалардың көбею себебін атады

Atr.kz/21 тамыз, 2019 жыл. Масаны улау жұмыстары күшейтілген режимде қызмет атқаруда деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау энтомологтары қала мен қала маңындағы ауылдардағы масалардың жаппай көбеюінің басты себептерін айтты. Айнагүл Даулетьярованың айтуынша, қанатты қансорғыштардың шамадан тыс көбейуіне — табиғи жағдайлардың себібі әсер етуде. Бір ай бұрын Дамбы ауылында өртенген қамыстың салдарынан, масалар облыс орталығына келген.

— Бүгінде қала маңындағы ауылдық округтерден түскен шағымдар бойынша, сол жерлерде көлемі 1 тонна 100 литр болатын төрт у шашу генераторлары жұмыс істеуде. Олар ауысымда төрт рет у-ды ерітіп,ауылдарда сағат 20.00-ден 2.00-ге дейін шашады. Жалпы, Атырау мен қала маңында 43 елді мекен бар. Жұмыс басталғаннан бастап, біздер 40 200 гектар жерді улау жұмыстарын жүргіздік, дейді Айнагүл Даулетьярова.

Мамандардың айтуынша, масалардың шығу уақыты кешке 21.00-ден 22.30-ға дейін болады. Осы уақыттарда улау жұмыстары қарқынды жүреді. Қалада көпшілік жүретін жерлерді, подьездерді улауда.

— Маса тұқымының тез көбеюінің тағы бір себебі — тамыз айының ыстық болуы. Егер алдыңғы жылы осы уақытта Атырауда температура + 17 ° С болса, биыл ол 37 — 43 ° С дейін көтерілді, ал ыстық ауа райында масалар тез көбейеді және -10 ° С дейін өмір сүреді, дейді энтомолог.

Айнагүл Даулетьярованың айтуынша, сонымен қатар шілде айы жауын-шашынды болды. Бетбақты жер бұл қанды жәндіктер үшін ең жақсы өсу алаңы.

Related Articles

One Comment

  1. Жулдыз молтек ауданынын тургындар да маса улау жумыстарын жургизуди сурайды. Кешки уакытта далага шыгу мумкиндиги жок, жер уй тургындары уй маны жумыстарынсыз тирлик ету мумкин еместигин назарларынызга бергимиз келеди.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button