Облыс әкімінің қаламгерлермен кездесуде айтқан пікірі

ab250c17cace9ec9f66c5206369a572c Жаңалықтар

Аймақ қаламгерлерін жинаған келелі кеңесте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев есте қаларлықтай құнды пікірлер айтты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегіндегі ұлттық құндылықтар, туған жер туралы ой орамдарына айрықша тоқталды.

ab250c17cace9ec9f66c5206369a572c

– Сонау бір жаугершілік замандарда елге аман қайтқан әрбір жауынгер «біз жеңдік» дегенді білдіру үшін бас бармағын көрсетеді екен. Оның мәні, ол кезде садақ – басты қару. Бас бармақсыз садақ ату мүмкін емес екені белгілі. Сондықтан  да  тұтқынға түскен сарбаздардың бас бармағын кесіп тастайды екен. Садақ ата алмаған жігіт – ер емес, қарусыз ол кезде өмірді елестете де алмайтыны анық. Сондықтан, жеңіспен елге қайтқанда бас бармағын көрсету арқылы өздерінің жеңіспен оралғанын әйгілесе керек. Сол кезден бастап, «жағдайым жақсы» дегенді бас бармақ арқылы көрсететін болыпты. Баршаңыз да өз салаларыңызда жеңіске жетіңіздер!

Сонымен қатар, ақын-жазушы – ұлттың мәйегі. Жас ұрпақ сөз зергерлерінің туындылары арқылы кешегіні көреді, бүгінгі өмірді таниды, ертеңге қадам басады. Қаламгерлер бір-бірін қолдап, кеңпейілді болғаны дұрыс.

Мәселен, кеңестік өкімет жылдарында Лениндік сыйлықты Мәскеу беретін болғаны баршаға аян. Бір жылы аталған сыйлыққа Ілияс Есенберлин мен грузин қаламгері Думбадзе үміткер болған ғой. Екеуінің де елдерінен пікір сұратқан кезде Қазақстаннан Ілияс Есенберлинді қаралаған домалақ арыздар қарша борайды, ал, Думбадзенің соңынан тек жақсы лебіздер, мақтаулар келеді. Сөйтіп,  сыйлықты Думбадзе алады.  Қысқасы, кеңпейіл болайық, «кең болсаң, кем болмайсың» деген халық даналығын да есімізде ұстағанымыз жөн. Бір-бірімізді қолтықтан демейік.

Менің әкем теміржолшы болды. Мектепте оқып жүрген кезде ол кісінің суреті «Құрмет тақтасында» тұрса, сондай қуанушы едім. Әкемнің суретін көріп кету үшін мектептен қайтарда күн сайын кеңсе жаққа барушы едім. Сол сияқты әр адам өз еңбегінің жемісін көргісі келеді.

Гүлзада Ниетқалиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз