
Жаңалықтар
«Атырау-Индер» тас жолы көктайғаққа байланысты жабылды
Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Атырау-Индер» тас жолының бір бөлігі уақытша жабылды.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 17 ақпан күні сағат 11:30-дан бастап ауа райының күрт өзгеруі және көктайғақтың пайда болуына байланысты облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының 20-170 шақырым аралығы (Бесікті ауылы – Индербор кенті) барлық көлік түрі үшін жабылды.
Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті жолға шығуды жоспарлап отырған тұрғындарға сақтық шараларын ескеруді және ауа райы болжамына назар аударуды ұсынады.
Құзырлы мекеме өкілдері жолдың ашылуы туралы қосымша хабарлайды.
Қ.ШӘКІРОВ