
Жаңалықтар
“Атырау – Дубай” рейсі уақытша тоқтатылды
Бүгін, 20 маусымда «Эйр Астана» әуе компаниясы Атырау мен Дубай арасындағы рейстерді уақытша тоқтататынын мәлімдеді.
«Эйр Астана 28 маусымнан бастап Атырау – Дубай бағыты бойынша ұшу уақытының айтарлықтай ұлғаюына байланысты рейстердің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлайды. Астана мен Алматыдан Дубайға ұшатын рейстер Иран мен Ирак аумағын айналып өтуді жалғастыруда», – делінген әуе тасымалдаушының ресми хабарламасында.
Айта кету керек, тоқтатылған рейстердің жолаушыларына Атыраудан басқа бағыттарға қайта брондау, Алматы немесе Астана арқылы Дубайға тегін билет ауыстыру, сондай-ақ билет құнын толық қайтару мүмкіндігі ұсынылады.
Қ.ҚОСЫМБАЕВ
Сурет: avianews.com