Жарнама
Жаңалықтар

Елімізде Абай есімді қанша адам тұрады

Абай күніне орай статистика мамандары елімізде қанша адамға ұлы ақынның есімі берілгені жөнінде мәлімет жариялады.

Ұлттық статистика бюросының 10 тамыз күні жариялаған ақпаратына сүйенсек, бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады екен. Ақын аттас адамдардың көбі Түркістан облысында кездеседі екен. Ол жақта 2050 Абай тұратыны мәлім болды.

Ақын есімі қойылған адам саны жағынан Астана екінші орында тұр: 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ұлытау өңірінде 194 Абай бар көрінеді. Ең азы осы облыс болып саналды. Ал ақынның туған өлкесінде (Абай облысы) 238 адамға Абай есімі қойылған.

«Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында 8231 адам», — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button