Атырауда жылу бағасы 1,4% өсті

1 21 Жаңалықтар

Атырауда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі 1,4%-ға артты,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1

«2015 жылы Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменттің бұйрығымен Атырау Жылу электр орталығы АҚ-ның жылу энергиясына қойылатын шектік деңгейлері бекітілген болатын. Ол тарифтер 2016-2020 жылдарға бекітілген. Бекітілген деңгейлерге сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі жылу есептегішін қойған тұрғындар үшін 1 гкал бағасы 3752,97 теңгеден 4181,64 теңгеге дейін, есептегіш орнатпаған тұрғындар үшін 1 шаршы метр баспана үшін 126,47 теңгеден 128,24 теңгеге дейін көтерілді. Ал 1 текше метр суық суды жылыту құны 195,57 теңгеден 198,31 теңгеге дейін, яғни орташа 1,4%-ға өсті»,-дейді Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Сүлеғалиев.

Тарифтің артуы Атырау ТЕО-ның 2016-2020 жылдарға көзделген жалпы құны 1 млрд. 18 млн. теңге болатын инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруына байланысты болып отыр.

Айқара Ғұмар

Фото rvolchansk.ru сайтынан алынған

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз