Атырау-Ақтөбе бағытына автобус шықты
Алғаш рет Атырау мен Ақтөбе арасында Атырау автовокзалынан Ақтөбе теміржол вокзалына дейін тікелей автобус жүретін болды.
Алғашқы рейс 18 қарашада басталады. Автобустар күн сайын жүреді. Тасымалдаушылар екі қала арасындағы 585 км қашықтықты 8 сағатта еңсеруді көздеп отыр. Билет құны – 6 мың теңге. Ал 5-15 жас аралығындағы балалар үшін 50% жеңілдіктер қарастырылған.
«Mercedes-Benz Sprinter шағын автобусы заманауи, ыңғайлы және 19 орынға арналған. Тасымалдауды осы салада тәжірибесі бар ақтөбелік «Щелковый путь» компаниясы жүргізеді. «Атырау-Ақтөбе» бағыты сұранысқа ие болса, біз өз тарапымыздан қосымша автобустар шығарамыз», — дейді Атырау автовокзалының директоры Аманжан Төлемісов.
Жолаушылар билеттерді atyraubus.kz сайтынан немесе автовокзал кассасынан алады.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА