ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Еліміздің тарихының маңыздылығын түсіндіріп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттерінің қатысуымен қазақ тарихының мәселелері жөнінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында семинар-тренинг өтті. 

 

Мұражайдың өлке тарихын ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі Н.Қамиеваның айтуынша, бұл шара еліміздің ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттерді жүзеге асыру бағытында өткізіліп отыр.
Семинарды мұражай басшысы Серік Мұхамбетов ашып, жүргізді. Шараға қатысқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих ғылымдарының докторы, профессор Лесқали Базарғалиұлы «Қазақ тарихындағы негізгі теория-методологиялық мәселелер» тақырыбында баяндама жасаса, аталмыш оқу орнының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жеңісбек Жұпболұлы ұлттық тарихымызды жаңғыртудағы тарихшылардың, мұражай қызметкерлерінің рөлі жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, семинарда Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауына сапалық өрлеуді жүзеге асыруына жағдай жасау, қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру жөнінде кеңінен айтылды.

Алтыншаш
НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз