Атырау спортшылары әлемдік додаларда АТОЙ салып жүр

rlshrshgshshn Жаңалықтар

Atr.kz/18 тамыз, 2020 жыл. Өмірде адамның саулығын жақсартып, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын та­сытатын сала. Бүгінде мұнайлы өңірде маңызды сала­ны дамытуға мүмкіндіктер жеткілікті. Мемлекет та­рапынан қолдауға ие болған сектордың өркендеп келе жатқаны облысымыздың әр өңірінде бой көтерген сан салалы спорт нысандарынан, спортшыларымыздың жетістіктерінен айқын аңғарылады. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВПЕН әңгімеміз де осы мәселелер төңірегінде өрбіді.

– Р и н а т Х и с а ұ л ы , д а н а ха л қ ы м ы з е же л д е н денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа б а л а ғ а н . О с ы қ а ғ и д а н ы берік ұстанған мемлекетіміз халықтың ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда. Ендеше, биыл облысымызда осы салада қандай жұмыстар жүзеге асқаны жөнінде айтып өтсеңіз?

– Иә, денсаулық – басты байлық саналады. Адам бойындағы осы баға жетпес байлықтың қалыпты деңгейде болуына септесетін үлкен күш, ол, әрине – спорт. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» ұлттық стратегиясын­да дене шынықтыру мен спорт әрбір азаматтың және жал­пы ұлт денсаулығының кепілі екенін айтқан болатын. Тұңғыш Президентіміздің пікірінше, дені сау ұлт қана мықты мемлекеттің негізін қалайды. Сонымен қатар, денсаулығы мықты ұлт – бәсекеге қабілетті. Сондықтан, спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асы­ру үшін облыста ауқымды ша­ралар жүзеге асуда. Мәселен, былтыр Махамбет ауданының Ақжайық және Құрманғазы ауданының Ақкөл ауылдарында, Жылыой ауданының Майкөмген елдімекендерінде заманауи үлгідегі спорттық кешендер са­лынып, халық игілігіне берілді. Ал, биыл Қызылқоға ауданында және Атырау қаласында футбол алаңы халық игілігіне айналды. Нұрсая ықшам ауданында жеке меншік «Тоныкөк» көп фунцио- налды спорт кешені ашылды. Жақында пайдалануға берілген «Оқушылар сарайында» зама­науи талаптарға сәйкес келетін спорттық залдар бар. Осылайша, қазіргі таңда облысымызда спорт­пен шұғылданамын деушілерге 1107 нысан есігін айқара ашуда. Олардың барлығы соңғы үлгідегі спорттық құрал-жабдықтармен жарақталған. Әрқайсысында тәжірибелі жаттықтырушылар қызмет етеді.

– Б і л у і м і з ш е , с п о р т ­та жетістікке жетуге басты себеп болатындардың бірі – ж а т т ы ғ у о р н ы н ы ң талаптарға сай келіп, қажетті спорттық инвентарлардың толық болуы деп жатады. Біздің спортшыларға осы жағынан қандай жағдайлар қарастырылып отыр?

– Қазіргі таңда облысымызда 17 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасай­ды. Оның 5-і қала аумағында болса, 12-сі ауылдық жерлер­де. Тиісінше, бұл мектептер­де спорттың отызға жуық түрі дамып келеді. Айтып өткендей, бұлардың барлығы да жан-жақты қажетті спорттық құралдармен қамтамасыз етілген. Расында да, көпшілік осы алаңдар мен ғимараттардағы қолайлылықты көріп, өздерінің саламатты өмір салтын ұстануға құлшыныстары оянғандықтарын айтып жатады.

Ө ң і рл е рд е г і с п о рт т ы қ – материалдық базаның нығаюы осылайша, облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен ай­налысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Мәселен, биылдың өзінде аймағымызда спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 509-ға артты. Ал, Қазақстан Ұлттық құрамасындағы облыс спортшыларының саны 2019 жылы – 294 болса, биыл 361-ге көбейді. Оның ішінде жасөспірім спортшы саны 75 болса, жастар – 83, ересектер – 203-ке жетті.

– Биыл әлемде қауіпті індет күшейіп, пандемияға байланысты дүние жүзінде көптеген ірі спорттық жа­рыстар мен шаралар өтпей қалды. Елімізде де осынау қилы кезеңде барлық спорттық шаралар тоқтатылып, спорт кешендері карантин кезінде уақытша жабылды. Бүгінгі жағдай дүбірлі жарыстар легі үзілмейтін спорт саласына қалай әсер етуде?

– Ко р о н а в и ру с і н д е т і белең алғалы бері спорт сала­сы біраз тұралап қалғаны рас. Алдын-ала жоспарланып қойған жарыстардың барлығына тоқтау салынып, спортшылардың үй жағдайында жеке жаттығу жаса­уларына тура келді. Әрине, ең алдымен, биылғы Токиодадағы жазғы Олимпиада ойындарының өтпей қалуы өте өкінішті жағдай болды. Себебі, төрт жылда бір келетін бұл дүбірлі додаға қаншама спортшы жылдар бойы дайындалды. Жатса да, тұрса да осы байрақты бәсекеде елімнің атын шығарамын деген арман- тілектері сол межелеген сәтте жүзеге аспай, кейінге шегерілді. Алайда, жарыс барысындағы жеңілістің өзінен сабақ алатын спортшылар, елге келген бұл індеттің өршіп тұрған кезеңінде де салдары суға кетпей, өздерінің алға қойған мақсаттарына жету жолында аянбай тер төгуде. Олардың індет жойылып, жарыс- тар қайта жаңғырған уақытта жеңіс тұғырының биік саты­ларынан көрінетініне толық сенімдімін.

– Наурыз айында жарыс- тар өткізуге тоқтау салынды. Оған дейін өңірімізде қандай спорттық шаралар өткендігіне тоқталып өтсеңіз?

– Негізінен жыл бойы өтетін спорттық шаралар алдын-ала жоспарланып қойылады. Биыл төтенше жағдай жарияланғанға дейін облысымызда 250 спорттық і с – ш а р а ұ й ы м д а с т ы р ы л ы п үлгерді. Ірілі-ұсақты өткізілген бұл шараларда шамамен 75 м ы ң д а й а д а м қ а м т ы л д ы . Мәс елен, «Атырау » спорт кешенінде панкратионнан өткен «NFC Халықаралық турнирді» 3 мыңнан астам көрермен тікелей тамашалап, аталған жарыс республикалық және жергілікті арналардан тікелей эфирде көрсетілді. Сонымен қатар, осы қысқа аралықта аймағымызда спорттық және жауынгерлік самбодан, футзал­дан, бокстан, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ч е м п и о н а т ы ж ә н е е р к і н күрестен Халықаралық тур­нир ұйымдастырылды. Сондай- ақ, ақпан айында өңірімізде футзалдан Атырау облысының командасы жасақталып, ол ел біріншілігіндегі алғашқы ойын­дарын өткізді.

Қазіргі таңда біріншілік жалғасын тауып, әзірге облыс құрамасы Қазақстан чемпиона­тында үздік үштіктің қатарында келеді. Ал, жалпылай айтатын болсақ, жыл басынан бері облыс спортшылары түрлі деңгейдегі сайыстарда 200-дей медаль еншіледі. Дзюдошылар Әлем Кубогі мен Еуропа Кубогінде жеңімпаз атанса, каратэшілер Гран-При турнирінде алтын жүлде иегерлері атанды. «Атырау барыстары» баскетбол команда­сы Қазақстан чемпионатының күміс медалін қанжығасына байлады.

Иә, осы жылдың екінші жартыжылдығында өңірімізде дзюдодан ерлер мен әйелдер а р а с ы н д а ғ ы Қ а з а қ с т а н Ре с п убл и ка с ы н ы ң ч е м п и ­онатын, кикбоксингтен жас- тар арасында ел чемпионаты және қазақ күресінен ересек­тер арасында ел біріншілігін өткізу жоспарланған еді. Бұған қоса бокстан Асқар Құлыбаев атындағы Халықаралық турнир мен бірнеше Республикалық сай­ыстар өтуі тиіс болатын. Алайда, індетке байланысты аталған шаралардың өтуі, немесе өтпеуі әзірге белгісіз болып тұр.

– Қазіргі күні көпшілік адам карантин жағдайына о р а й қ а ш ы қ т а н ж ұ м ы с істеп, тұрғындардың көбі уақыттарының басым бөлігін ү й ж а ғ д а й ы н д а ө т к і зу ге м ә жб ү р бол уд а . Ө м і рл і к ұстанымы қимыл-қозғалысқа бағытталған спортшыларға бұл уақытша тыйымдар қалай әсер етуде?

– Иә, спортшылар үшін үй жағдайында жаттығуларын өткізу бірқатар қиындықтар туғызатыны белгілі. Алайда, Атырау спорт­шылары төтенше жағдай кезінде «Үйде бол» челленджін қолдап, көпшілігі әлеуметтік желілер арқылы өздерінің үй жағдайында жасаған жаттығуларын «он­лайн» режимінде көпшілікпен бөлісіп отырды. Бұл үрдіс жұртшылықтың қолдауына и е б о л ы п , б ү г і н г і к ү н і жаттықтырушылар спортшылар мен облыс тұрғындарының үй жағдайында жаттығуына арнайы бағдарламалар жасап, «онлайн» форматында жұмыс жасуды қолға алды.

Осы орайда, Атырау облы­сына танымал спортшылар мен фитнес жаттықтырушылары тікелей эфирлерге шығып, үй жағдайында орындалатын жаттығулар тізбесін тұрақты көрсетіп жүр. Күні бүгінге дейін 50-ден астам спортшы онлайн сабақтар жүргізді.

– Талай додаларда топ жа­рып жүрген саңлақтарымыз осы қиын кезеңде өздерінің а з а м а т т ы қ т а р ы н т а н ы ­тып, ауруханада жатқан науқастарға қолдан келген көмектерін беруде. Олардың белсенділіктерін бұқаралық ақпарат құралдары жары­са жазды. Спортшылардың індет кезінде бей-жай қалмай, ұйымшылдықпен атқарған осы жұмыстары турасында бірер ауыз айтып өтсеңіз?

– Ел басына күн туғанда қашан да елін қорғауға ерлері шығатыны белгілі. Осы тәрізді, індет тараған қысылтаяң шақта жүрегінде жігер мен мейірімділігі бар әрбір адам қолдан келер көмекті аямасы аян. Атырау споршылары да осы кезде «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығаруға ұмтылып, еріктілер ретінде облыстық ауруханада емделіп жатқан науқастарға оттегі баллонын жеткізуге жәрдемдерін берді. Барлық спорт федерациялардың мүшелері ар­найы қорғаныш киімдерімен жарақтанып, өршіп тұрған індет ошағына қажетті құралдарды дер кезінде тасымалдап тұрды. Осы жанқиярлық ерліктері арқылы талай жанның құлан таза сауығып кетуіне себепші болды. Спортшыларымыздың осылай­ша бірлесе жүріп батырларша белсенділік танытқаны, біз үшін зор мақтаныш.

– Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан: Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз