Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраулықтар мақтанатын 10 нәрсе

Еліміздегі әр облыстың өзіне тән ерекшелігі бар. Ал атыраулықтар несімен мақтана алады?

255

Атырау десе көпшіліктің көз алдына мұнай мен балық елестейтіні сөзсіз.

e21a4bed38b31bf1b3bb5ae5fbd5caa6_XL

Облыстың өзен-көлдерінде балықтардың көптеген түрі бар. Каспий теңізінің атыраулық аймағында бағалы балықтардың 122-ден аса түрі кездеседі.

photo_16742

Өңірде пайдалы қазбалар да жетерлік. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі — мұнай. Бүгінде облыс аумағында мұнайды өндейтін бірнеше кәсіпорын бар.

c494330dc2c05ee1911d47707909e05e

Ұзындығы 1084 шақырымды құрайтын Жайық өзені Еуропа мен Азияны бөліп жатыр.

Жеті хан жерлеген киелі Сарайшық мекені қазақ даласындағы тарихи орындардың бірі.

9saraychik

Жаяу жүргіншілер көпірі

Бұл көпір несімен ерекшеленетінін білесіз бе? Жаяу жүргіншілер көпірі – Қазақстандағы ең үлкен көпір ретінде әлемдік Гиннестер кітабына енген. Қарапайым тұрғындар мен қонақтар арасында мұнда 10 тілек тілеп, суға 10 теңге лақтырып жіберу ырымы да бар екен. Ал, ғашық жандар көпірге арнайы келіп, темір тұтқаларына өздерінің есімдері қашап жазылған құлып тағып кетеді. Құлыпты көпір тұтқаларына бекіткен соң, кілтті екі ғашық өз сезімдерінің куәгері болып тұрған Жайық жағалауына тастап жібереді.

205ff70c2a2aa2771463395d193c9c11

 

7d45837a635f181fa0cfb9d966caae3a

Атырау облысының Индер ауданынан 40 шақырым жерде Махамбет батырдың кесенесі тұрғызылған. Атырауға келген қонақтар батырдың кесенесіне барып, құран оқиды.

5d4778d3a2d3eea8ec7837045ad81c1d

Дала дәрігеріне айналған Тұздыкөл көптеген ауруларға шипаМәселен, жергілікті тұрғындар бұл көлдің суы мен қара балшығын буын, демікпе, бронхит сияқты көптеген сырқатқа бірден-бір ем деп есептейді.

89b249e72a7e8efe18379fcbc04c8303

Атырау өңірінде бірутар таланттар дүниеге келген. Атап айтсақ, ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденов, ақын, халық жазушысы Фариза Оңғарсынова, екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова.

big-58346cefff9367194f082453-58346e914ccb6-1c38rkh

 

Атырау.Драмтеатр

Жақында ғана мәдениет және спорт министрлігінің шешімімен Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрына академиялық атақ берілді. Атырау халқы үшін бұл ауыз толтырып айтуға болатын кезекті мақтанарлық дүние.

Хорлан СМАДИЯР

 

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button