Инкубация уақыты 14 күн: Атырауда карантиннің созылу себебі айтылды

52699868 303 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов карантиннің не себепті созылып отырғанын айтты.

«Карантиннің өзі жеңіл, орташа, қатаң шаралардан тұрады. Қазіргі жағдайда бізге ең қатаң шараларды қолға алуға тура келіп отыр. Себебі, вирус кеңінен таралып жатыр.

Атырауда вирустың таралуында өсім бар. Өкінішке орай, тұрғындар кей талаптарды сақтамай отыр.

Вирустан қорғанудың ең басты жолы өз өзімізді оқшаулау. Мамандар вирустың инкубациялық уақыты он төрт күн екенін айтуда. Осы мерзімді біз үйде өткізсек, вирустың өршіп кетуіне жол бермейміз.

Ал, ем алып жатқан науқастардың жағдайы жіті бақылауда. Аймақта қажетті емдік шаралар үшін қолданылатын дәрі – дәрмек қоры жеткілікті» деп нақтылады Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов жергілікті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз