Индерліктердің игі ісі

9999 Қоғам

Ойыл өзеніндегі су тасқынына орай Қызылқоға орталығынан қатынастың үзіліп қалуына байланысты Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов қызылқоғалықтарға көмек көрсетті.

Бұл игі іс меценат Мұрат Сармановтың сұрауы бойынша жүзеге асырылды.

–Қызылқоғадағы қазіргі жағдайға байланысты Индер ауданының әкімінен Қоныстану-Қарабау бағытына көмек беруді сұрағанмын. Аудан басшысы ешбір сөзге келместен қолда бар көмекті ұйымдастырып жатыр. Өзі де 2-3 күннен Индердің қауіпті аймақтарын бөгетпен бекіту жұмыстарында жүр екен. Соған қарамастан ол бойындағы іскерлік, қанмен қалыптасқан жүрегіндегі мейірімділіктің арқасында көршілес аудан халқына да қол ұшын созды. Сонымен қатар түннен бері Индерден арасында әйел адамдар да бар екі автобус еріктілер келіп, олар да сын сағатта көрші ауданға көмек көрсетуден кенде емес. Мұндай игі ісі үшін ауылдастар атынан барша индерліктерге алғыс білдіремін, – дейді М.Сарманов.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз