Атыраулық Әнел отадан кейінгі жағдайы туралы айтты (фото)
Ернар Айдардың «Күнім сен сөнбеші» әнінің бейнебаянына түскен құлсарылық Әнелге ота жасалынатының хабарлаған болатынбыз. Бойжеткен отадан кейін кеше өзінің денсаулығы туралы инстаграм парақшасына бөлісті.
«Ұялы телефон қолдана алмаймын, маған сіздердің жазған хаттарыңыз бен ықыластарыңызды жеткізіп жатыр. Сіздерге алғысым шексіз. Аллаға шүкір ота сәтті өтті. Қазір жеке палатаға ауыстырды. Дәрігерлер де жақсы күтім көрсетуде. Бірақ, ота кезінде жүйке жүйесіне зақым келгендіктен, сол қолымды сезбеймін. Маған көмектесу үшін, анам, әпкем және Марлен күні-түні жанымнан шықпай жүр»,-дейді Әнел.
Сондай-ақ, туыстары да, сүйіктісі де қыздың көңілін аулау үшін екі елі жанынан ажырамайтын көрінеді. Тіпті, Марлен сүйіктісіне тірі көбелек сыйлап, ғашығын қуантыпты.
«Жаным білемін, саған да оңай тиіп жүрген жоқ. Бәрі үшін сағат рахмет. Еш алаңдама, Аллаға шүкір біз бұл қиындықты жеңеміз. Бізге қаншама адам үміт артып, тілеуімізді тілеп отыр. Алла қандай сынақ жіберсе де, біз оған төтеп беруіміз керек»,-дейді бойжеткен.
Сөз соныңда Әнел қолым істеп кетсе екен деп, Алладан шипа сұрап, дұға тілеп жүрген жандарға алғысын білдіреді.
Хорлан Смадияр