Сіздің пікіріңіз маңызды

Miniatra Жаңалықтар

Бүгінде Атырау облысының аумағында жол жүру ережесін бұзу жағдайлары көбейіп отыр. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында 56 жол-көлік апаты орын алды. Бұл біздің ойымызша, өте жоғары көрсеткіш. «Жолдарда сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бойынша 10 қадам» жобасын іске асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті жол жүру ережесі бұзылуының себептерін сараптаудан өткізуде. Сондықтан, Сіз мына сұрақтарға жауап беру арқылы мәселелердің шешімін табуына көмектесе аласыз.

Miniatra-600x400

  1. Сіз қандай жағдайда жол полициясы мен көліктік бақылау қызметкерлеріне пара беруге мәжбүр болдыңыз?
  2. Жол жүру ережесінің бұзылуын жою мақсатында нақты қандай ұсыныс бере аласыз?
  3. Жол жүру ережесін бұзу жазасын әділетті деп санайсыз ба? Қандай ұсыныс айтар едіңіз?
  4. Атырау қаласының қай жерлерінде жол жүру ережесі жиі бұзылады? Оны жоюдағы Сіздің ұсынысыңыз қандай? (жол белгілерін қайта қарау немесе алмастыру)
  5. Полиция мен көліктік бақылау қызметкерлерінің тарапынан қандай заң бұзушылықтар жиі орын алады? Оны жою үшін Сіз қалай әрекет етесіз?
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз