Атыраудың үздік тауар өндірушілері анықталды

K sibi n sibi 4 Жаңалықтар

Атыраудағы «Сарайшық» коммуналдық базарының аумағында өткен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңіне мұнайлы аймақтан 40 кәсіпкер қатысты. Олардың арасынан тоғыз жеңімпаз анықталды.

????????????????????????????????????

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиеваның айтуынша, үздік атанғандар енді республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. Көрмеге қойылған тауарлардан Атырауда кәсіпкерліктің басым бағыты қызмет көрсету мен жеңіл өнеркәсіп саласына басымдық берілгені аңғарылады. Ал, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресов атыраулық үміткерлер қатары жыл сайын көбейіп келе жатқанын, енді жеңімпаздар төрт жыл бойы байқау эмблемасын жарнама бағытында қолдана алатынын жеткізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз