Атыраулық Ишан Галиев муай-тайдан Қазақстан кубогін IV рет жеңіп алды
Желтоқсанның 11-і мен 17-сі аралығында Астана қаласында ересектер арасында муай-тайдан Қазақстан Кубогі өтті. Дүбірлі додаға еліміздің әр облысынан барған спортшылармен қатар, облыс құрамында аудан намысын көтеріп жүрген Галиев Ишан мен Ордабаев Нұрлыбек және 15 спортшы аттанған болатын. Еліміздің мықтыларын анықтайтын жауапты дода да Галиев Ишан 60 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Қазақстан кубогын иеленді.
Өз мықтылыған қашанда дәлелдей білген Ишан осымен Қазақстан кубогін 4-ші рет еншілеп отыр. Осы салада өз ізін енді қалыптастырып келе жатырған Ордабаев Нұрлыбек 54 кг салмақта қола жүлдеге ие болды. Жақсы жаңалық бұнымен бітпейді, жарыс барысында Галиев Ишан, Галиев Әбіл, Саясатов Еламан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ММС) атағы, ал бапкерлері Галиев Исламға Спорт шебері (МС) атағы берілді. Сондай-ақ, Еламан Саясатов Муай-тайдан «Жыл спортшысы-2017» атанды.
Спортты жанына серік еткен спортшылар осылай ауданның, қала берді облысымыздың абыройын асқақтатып қайтты. Ал, Чемпиондарды дайындаған бапкерлері Ислам Галиев жарыстан кейін Облыстық спорт басқармасының басшысы Азамат Бауыржанұлының демеушілігімен Атыраулық 7 спортшымен бірге Тайланд еліне оқу-жиын жаттығуына кетті. Тартысты додаларда топ жара өнер көрсетіп жүрген жерлестерімізді біз мақтан тұтамыз!
Мөлдір ІЗТҰРҒАНОВА.