Атырауда жергілікті әншілер мен күйшілер туралы жаңа жинақ шықты

img 20210208 174616 Жаңалықтар

Атырау өлкесінің әндері мен күйлері туралы екі томдық антология жарық көрді.

     Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламалары аясында атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, салт-дәстүрімізді жаңғырту, тарихи санамыз бен дүниетанымымызды сақтау, ұлт мұрасын насихаттау, жас буын өкілдеріне елдік  идеясын дәріптеу мақсатында  Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Атырау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы дайындаған «Атырау өлкесінің әндері мен күйлері» (ХХ ғ. композиторларының шығармалары) екі томдық антологиясы шықты.

     ХХ ғасырда өмір сүріп, туған өлкенің музыка мәдениетінің өркендеуіне өз шығармашылығымен үлес қосқан әуесқой композиторлардың таңдаулы әндері мен күйлері енген.

      І том – «Атырау өлкесінің әндері» (ХХ ғ. композиторларының шығармалары) 237 ән.

      ІІ том – «Атырау өлкесінің күйлері» (ХХ ғ. композиторларының шығармалары) 130 күй.

Назира ӘШІМ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз