Атыраулықтар «Арланды» ауыздықтады

Hokkey Bybaryis Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден ел чемпионатының кезекті турында Атыраудың «Бейбарыс» клубы өз айдынында көш басындағы Көкшетаудың «Арлан» командасын қабылдады.

Хоккей Бйбарыс

Қызықты да тартысқа толы екі күнгі кездесу де бірдей есеппен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. Жұма және сенбі күндері көкшеліктерді 2:1 есебімен ұтқан «Бейбарыстың» қоржынында қазір 91 ұпай бар. Олар турнир кестесінің төртінші сатысында келеді.
Келесі ойындарын 29-30 қаңтарда сырт алаңда «Горняк» хоккейшілерімен кездеседі.

Бақытжан ЖҰМАТ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз