Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында баға төмендеуі мүмкін

Атырауда салынып жатқан тұрғын үй көлемінің ұлғаюы жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-16 at 15.01.54

2018 жылы өңірде 3892 пәтерлік 44 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды, 34 үй осы жылы пайдалануға беріледі. Облыс орталығында 39 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде, қалғандары – аудандарда. Бұл — тәуелсіздік жылдарындағы тұрғын үй құрылысы бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып табылатынын атап өту қажет.

Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы «Береке» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысын тексеріп, бірқатар нақты тапсырма берді.

Мұндай көп тұрғын үйдің құрылысы жеке құрылыс салушылар тарапынан қызығушылықтың жоғары болуының нәтижесінде мүмкін болды. Облыс басшылығымен өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды, бұл өз кезегінде Атырауда құрылыс саласында серпілісін тудырды. Біздің міндетіміз — өз қаражатын тұрғын үй құрылысына инвестициялағысы келетіндер үшін мейілінше қолайлы жағдайлар жасау. Бұл өз кезегінде ипотекалық тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуіне оң әсерін тигізеді, — деп атап өтті Алимұхаммед Құттұмұратұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button