Қызылқоғада жоғалған 24 жастағы жігітті іздеу тоқтатылды

d743ae23 6e9f 4f0d bd59 31100fd358dc Жаңалықтар

Атырау облысында із-түзсіз жоғалған 24 жастағы жігітті іздеу тоқтатылды. 

Өйткені, 20 қарашадан бері жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді, деп жазады Stan.kz

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, 24 жастағы жігіт 20 қарашада із-түзсіз жоғалып кеткен.

Қызылқоға ауданындағы Жамбыл ауылдық округіне қарайтын Қаракөл ауылында тұрған жігіт сағат 5:00-де үйінен шығып кеткен. Содан бері одан еш дерек болмай тұр.

Жоғалған жігіттің қай бағытқа кеткенін ешкім көрмеген. Алғашқы күні оны іздестіруге төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылқоға аудандық полиция бөлімінен, жергілікті атқарушы орган мен туыстарынан 37 адам тартылған. Іздеу жұмыстары төрт күн қатарынан жүргізіліп, кейін тоқтатылған.

«Хабар-ошарсыз кеткен жігітті іздеу үшін 30 қарашада жергілікті уақытпен сағат 9:52-де «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ-ның «Еврокоптер» тікұшағы тартылған еді. Тікұшақ бортында 7 адам болды. Бірақ, әуеден барлау арқылы іздеу еш нәтиже берген жоқ», – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Құтқарушылар жоғалған жігітті жазық даладан, сай-жыралардан, қараусыз қалған қыстақтар мен өзге де жерлерден іздестірді. Бірақ, нәтиже болмағандықтан, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Енді қайта жалғаса ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 24 жастағы жігіт іздестіріліп жатқанын, кейін жоғалған жігітті іздеуге тікұшақ тартылғанын хабарлаған едік.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз