«Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» дөңгелек үстелі өтті

4p5a2411 Жаңалықтар

Бүгін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Марат Әбуовтің төрағалығымен, «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаеваның қатысуымен «Қазақстан халқына» қорының қызметі өңірлер үшін» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Л. Шыңғысбаева «Қазақстан халқына» қорының жүзеге асырған қайырымдылық бастамаларына тоқталып, Атырау өңірінде іске асқан және жоспарланған қайырымдылық жобаларына тоқталды.

4p5a2358

– Қайырымдылық конференция аясында қыркүйек айында 20 дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда. Өңірлерде кездесу ұйымдастырып, Қордың жұмыстары мен жобаларын талқылап, баяндау үстіндеміз. Және өзіміздің бірлесуімізбен өңірде жобаларды белгілеу мақсатында кездесулер өтіп жатыр. Жобалардың барлығы жеке тұлғалардан түскен 45 мыңнан астам өтінімдерден іріктеліп алынған. Қордың бағдарламалары елдің барлық өңірлерінде ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларға баса назар аудара отырып іске асырылады. Сонымен қатар Атырау өңірі бойынша 3,2 млрд теңге сомасына 15 қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда 2,1 млрд теңге сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді және де 1,1 млрд теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр,- деді Л. Шыңғысбаева.

Л. Шыңғысбаеваның айтуынша, Қор қазақстандықтардың денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы негізгі проблемаларын шешуге бағытталған жалпы сомасы 146,5 млрд теңгеге 40-тан астам қайырымдылық бағдарлама мен жобаны қаржыландырады және төтенше жағдай кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетеді.

Айта кетейік, 15 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Қор денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім беру, спорт және мәдениет салалары бойынша 1000-нан астам КЕҰ-ның қатысуымен 21 тақырыптық онлайн zoom-кездесу өткізді, онда жұртшылықты толғандыратын мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары және Қордың қатысуы бойынша 100-ден астам ұсыныс айтылған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз