банктің

Ұлттық Банктің Ұлттық валюта банкноттары туралы ақпараттық хабары

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық Банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады.

ұлттық банктің

Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық Банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 500, 1000 және 5000 теңгелік банкноттар бар. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті!

Сонымен қатар, «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ТӨРАҒА» деген сөздер алып тасталды.

Сұрақтар туындаған жағдайда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7 (727) 2788 058, 2619-234, 2704-585 телефондары бойынша және қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасына +7 (727) 270 45 69 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған байланыс телефондары:

+7 (727) 2704-585,+7 (727) 3302-497.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған