Атырауда зағип жандар арасында тұңғыш рет «Гран-при Қазақстан» халықаралық турнирі өтеді
Атырау қаласында парадзюдодан алғаш рет «Гран-при Қазақстан – 2017» халықаралық турнирі өтпекші.
Бұл шараны Атырау облысы спорт басқармасы мен ҚР Паралимпиадалық дзюдо және Атырау облысы парадзюдо федерациясы ұйымдастырып отыр. Дүбірлі дода 6-8 қыркүйек аралығына «Мұнайшалар» күніне арналады.
Халықаралық дәрежедегі төреші, Атырау облысының парадзюдодан бас бапкері Жандос Қияновтың айтуы бойынша, бұл еліміздегі парадзюдоның дамуына жасалып жатқан үлкен қадам. Көз жанары нашар спортшылардың да өзара бәсекеге түсіп, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдайлар жасалыну үстінде.
Былтыр өткен ел біріншілігінде Атырау облысының құрамасы жалпы есепте бірінші орын алған болатын. Одан бөлек Ануар Сариевтің Халықаралық ареналарда жеткен жетістіктері жетерлік. Сондықтан Атырау облысында осы үлкен шараның өткізілуі заңдылық.
Абай АБЫЛАЙҰЛЫ