
ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда сармат дәуірінде көмілген алтын бұйымдар мен қару-жарақ табылды
Атыраулық археологтар біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мың жыл бұрынғы көмбені тапты.
«Атырау облысы Қызылқоға ауданында ежелгі қорғандардың бірінде қазба жұмыстарын жүргізу кезінде қола ғасырына жататын сармат көмбесі табылды», — деп хабарлады тарихи-өлкетану мұражайының директоры Рашида Харипова.
Оның айтуынша, бұл жәдігер біздің дәуірімізге дейінгі ІІ мың жыл бұрынғы кезеңге тұспа-тұс келеді. «Жақсы сақталған көмбеде металды қазан табылды, оның бір құлағы жануар бейнесінде жасалған. Сондай-ақ көптеген зергерлік бұйымдар (соның ішінде алтыннан жасалған), қару-жарақ, тұрмыстық заттар бар», — деді Р. Харипова.