Жарнама
Қоғам

ЭНЕРГЕТИКТЕР БАСЫМ ТҮСТІ

— Тәуелсіздік күні қарсаңында Атырау энергокешенінің 520 жылдығына орай халықаралық деңгейде осындай үлкен турнир ұйымдастыру – құптарлық іс. Спортпен тек спортшылар ғана емес, мамандық түріне қарамастан қоғамның барлық мүшелері айналысуы тиіс. Бұл бастама өзге де сала қызметкерлеріне үлгі болады деп есептеймін, — деп Шыңғыс Жұмабекұлы жарысқа қатысушыларды жылдың басты мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Сондай-ақ, «Атырау-жарық» АҚ директорының орынбасары Рахманов та сөз сөйлеп, көршілес облыстардан келген қатысушыларға «қош келдіңізін» жеткізіп, облыста хоккей спорты дамып келе жатқандығын, бұған өңірдің намысын абыроймен қорғап, чемпион атанып жүрген «Бейбарыс» хоккей командасының қосып жатқан үлесі зор екендігін айтып өтті. «Соларға қарап жастар бой түзейді, соларды үлгі тұтады», — дей келе, ол қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Үш күнге созылған турнирдің ақтық сынында оралдық командамен кездескен энергетиктер 5:4 есебімен жеңіске жетті. Ал, қола жүлдені «Прикаспиец» командасы еншіледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button