Зейнетке шығу үшін қандай құжаттар керек?

plb4etyl Қоғам

Алдағы желтоқсан айында 60 жасқа толамын. Зейнеткерлікке шығайын деп дайындалып жүрмін. Біреулер «құжаттарыңды тапсырып үлгермесең, қалып қоясың» дейді. Сол рас па?

Зейнеп ӘДІЛҚЫЗЫ,

Атырау қаласының тұрғыны

Жауап: – Еліміздегі зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге байланысты белгіленген зейнетақы жасы бойынша биыл әйелдер зейнеткерлікке 60 жасқа толғанда шығуда. Олар – 1961 жылдың шілде айы мен желтоқсан айында өмірге келген әйел адамдар. Аталған жас «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР-ның 2013 жылғы 21 маусымындағы №105-V заңының 11 бабының 1-тармағында көзделген.

Ал, 2022 жылдың қаңтар айынан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасы 61 жас 6 айды құрайтын болады. Осы орайда 1961 жылдың екінші жартысында дүниеге келген әйелдердің (шілде – желтоқсан айларында) жыл аяғына дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындатуы қажет. Осы себепті, Зейнеп Әділқызы, сіз зейнетке шығуға үлгересіз.

Егер осы жастағы әйелдер желтоқсан айының соңына дейін құжат жасақтап үлгермесе, зейнеткерлікке шығу құқығына 61 жас 6 ай толғанда ғана ие болады. Яғни, 2022 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап қана жүгіне алады. Қосымша айтарымыз, 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер зейнеткерлікке бұрынғыдай ертерек – 53 жастан шыға береді.

Құрманай ҚАЛИЕВА,

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші қон комитеті

Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы

Біздің байланыс нөміріміз – 45-84-01.

Сізді қандай мәселе толғандырады? Қоңырау шалыңыз. Біз жауап береміз

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз