
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам
Атырауда Құрбан айтта құрбандық шалатын жерлер анықталды
21-23 тамыз күндері бүкіл мұсылман әлемі Құрбан айт мерекесін қарсы алады. Сондықтан қалалық ветеринария бөлімі мал союға арналған 4 аумақты анықтады, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
— Тұрғындарға ЖК «Умарова»,ШҚ «Асыл-Агро»,ЖШС «Адал» және ЖШС «Тума» мал сою цехтарында құрбандық шалуға рұқсат етіледі. Сол күндері ветеринария бөлімінің мамандары кезектесіп кезекшілік жүргізетін болады, — дейді қалалық ветеринария бөлімінің басшысы Нұролла Сатенов.
Айта кетейік, «Иманғали» орталық мешітінің аумағында құрбандық шалуға болмайды.
Хорлан Смадияр