Атырауда «ГАЗ-53» көлігі 8 жасар баланы қағып кетті

1511241371 1495168081 article b 1500 Жаңалықтар

Аtr.kz/30 мамыр, 2019 жыл. Атырау облысында «ГАЗ-53» көлігі қағып кеткен 8 жасар бала мерт болды.

Жол-көлік оқиғасы Индер ауданындағы Бөдене ауылында болған. Ауыл ішіндегі жолда велосипед теуіп жүрген сегіз жасар бала «ГАЗ-53» көлігінің астына кіріп кеткен. Ауыр жарақат салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Өңірдегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз