Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Атырауда мүгедектердің спортынан еліміздің чемпионаты басталды (ФОТО)

Атырау облысында 14-24 қыркүйек аралығында тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен спортшылар арасында Қазақстан Республикасының V спартакиада ойындары өтеді. Спартакиада ойындары 11 спорт түрі бойынша өткізіледі. Атап айтқанда, жеңіл атлетика, үстел теннисі, отырып ойнау волейболы, пауэрлифтинг, тоғызқұмалақ, жүзу, дойбы, шахмат, дзюдо, оқ ату және таэквондо ойындары бойынша қамтылады. Спартакиада ойындарына 16 команда, шамамен 1000-нан астам спортшы қатысуда. Бұл туралы бүгінгі өткен өңірлік коммуникациялық қызметіндегі брифингте айтылды.

ANU_3069

– Облысымызда мүмкіндігі шектеулі жандарды денешынықтыру мен спортқа тарту мақсатында барлық жағдай жасалып отыр. Республика бойынша алғаш рет мүгедектер спорттық клубына біздің облысымызда спорттық кешен салынды. Бүгінде облысымызда спорттың 13 түрінен 250-ге жуық мүгедектер тұрақты түрде шұғылданады. Оның ішінде 44 адам аудан тұрғындары. Облысымыздың жеті ауданында мүгедектермен жұмыс жүргізетін әдіскерлер жұмыс жасайды. Қазіргі таңда спартакиаданы өткізу үшін қала бойынша сегіз спорттық нысандар дайын тұр. Барлық нысандарда жөндеу жұмыстары мен бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Чемпионатқа келіп жатқан спортшыларды көлікпен, қонақүймен, дәрігерлер қызметімен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жолға қойылды.ANU_3073

Спартакиадаға республикамыздың Астана, Алматы қалалары мен 14 облысынан, барлығы 16 құрама команда, спорттың 11 түрінен сынға түскелі отыр, – деген аймақ басшысының орынбасары Әлібек Нәутиев қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдірді.

ANU_3101

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорттық резерв дирекциясы басшысының орынбары Алексей Крючковтың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың арасындағы еліміздің чемпионатына дүниежүзілік ұйымдардан бас сарапшылар шақыртылыпты.

ANU_3115

– Мақсат ортақ, ол – еліміздегі параолимпиада ойындарын дамыту. Сол сияқты, чемпионат барысында спортшылар ұлттық халықаралық классификациядан өтеді. Тест сынағынан мүдірмей өткендерге сертификат тапсырылады. Олар болашақта айтулы жарыстарға еш кедергісіз қатыса алады. Алдағы уақытта республика біріншілігіне халықаралық сарапшыларды тарту жоспарда бар. Өйткені, халықаралық стандарт пен ережелер бойынша өткенін қалаймыз. Бүгінде еліміз паралимпиадалық спортқа зор мән беріліп жатыр. Соның бір көрінісі, паралимпиадалық волейболдан Тайландата өткен Азия ойындарына қатысуымыздың өзі неге тұрады? – деді М. Крючков.

ANU_3142

– Спорттың 11 түрінен жарыс өткізуге мүмкіндік беріп, қолдау танытқан Атырау қаласының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Мұндай жарысты өткізу оңай емес. Оған қатысушылардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, құлшынысы шексіз. Жыл сайын олардың қатары көбейіп келеді. Нәтижелері де жаман емес. Мәселен, Рио ойындарында отандық спорт тарихында алғаш рет алтынға қол жеткіздік. Қазір паралимпиадалық қозғалыс жақсы дамып келеді. Алдағы уақытта талай жаңа спорт жұлдыздары дүниеге келеріне сенімдіміз, – деді Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиадалық комитетінің өкілі Олжас Ақпамбетов.

ANU_3150

Айта кетейік, мұнайлы өңірде 10 күнге созылатын чемпионатта жеңіл атлетика мен оқ ату ойындары «Мұнайшы» стадионында, отырып ойнау волейболы мен паратаэквондо «Нұрсая» спорт кешені, пауэрлифтинг пен үстел теннисі «Балықшы» спорт кешені, тоғызқұмалақ пен шахмат, дойбы «Жастар» мәдениет үйі, жүзуден орталық жүзу бассейнде, парадзюдо «Атырау» спорт кешендерінде өтеді.

ANU_3129

Брифинг соңында спикерлерге журналистер сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

ANU_3152

Абай АҚМҰРЗИЕВ.

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button