Ардагер ұстаздарға – айрықша құрмет

Тағылым Білім

Атырау қалалық білім бөлімінің бастамасымен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Крупская атындағы №18 орта мектепте ардагер ұстаздар-ға арналған Наурыз мерекесі өтті. Оған қала мектептерінен сексенге жуық ұстаз шақырылды.

Тағылым

Бұл басқосуға қалалық білім бөлімінен әдіскер Жұмазия Жолмұханова, кәсіподақ ұйымының басшысы Бақытжан Мұсағали, Қадим Оңғарсынов, Хамза Ғабдолла, Бағыт Құрбанов сынды басқа да ардагер-ұстаздар әріптестерін Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Ардагер ұстаздар осындай әсерлі басқосуды ұйымдастрған қалалық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымына, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдірді.

Аталмыш мектептің ұстазы Айнагүл Таңатова жетекшілік ететін «Ақ әжелер» ансамблі құрамындағы Зейнеп Бейішова, Көгершін Оразова, Ақтол-қын Әбдірахманова, Қанағат Қаметова, Сара Айтжанова, Жаңыл Бегімсәлімова, Ағайша Ғұбашева, Мейрамгүл Рахымжанова сынды әжелер   шырқаған әндер жиналғандарды ерекше сезімге бөледі.

Бұдан соң орта мектеп басшысы Гүлшара Төлжанқызы ардагерлерді ұлық мерекемен құттықтады. Кәсіподақ ұйымы атынан оларға  сыйлықтар табыс етілді.

Анар КІШКЕНТАЕВА,

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз