Атырауда екі қатарлы үйдің төменгі қабаты жарылып, 25 жасар азаматша қаза тапты
Қайғылы оқиға 29 қараша күні, сағат 21:38 шамасында Ардагер мөлтекауданында болған.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ардагер мөлтек ауданы, 4 көше, №11 мекен-жайында орналасқан 2-қатарлы уақытша тұрғын үй толық өртке оранған. Үй иелерінің айтуы бойынша, аталған мекен-жайдағы үйдің бірінші қабатындағы гараж ішінде автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі газ фильтрін тазалау кезінде жарылыс (хлопок) орын алыпты.
Соның салдарынан үйдің екінші қабаты опырылып, төменгі қабатқа құлау кезінде 1992 жылы туған әйел адамның өлі мүрдесі табылды. Ал, 1990, 1991 жылы туған ер адамдар 1-2 дәрежелі 13-15% күйік алған, 1974 жылғы әйел адам 14-15% 2-3 дәрежелі күйік алған, 1992 жылы туған ер адам 10-11% 2-3 дәрежелі күйік алған.
Бүгінде өрттен зардап шеккендер облыстық ауруханада ем алуда.
Өрттің шығу себебі нақтыланып жатыр.
Айқара Ғұмар
Фото посад.рф сайтынан алынған