Атырауда модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 88 сәби дүниеге келді

4549089 Жаңалықтар

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған, 20 шілдедегі мәлімет бойынша, модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 87 жүкті, 10 босанған әйел және 7 жаңа туған нәресте жатыр.

  • 2021 жылдың наурыз айынан бастап ауруханада 88 сәби дүниеге келді. Сәбилерде коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында жасалған ПТР- тест теріс нәтиже берді. Өкінше орай, жүкті әйелдердің инфекция жұқтыру қаупі жоғары. Сәби жоспарлап жүрген немесе жүкті әйелдерге өздерін қауіпті инфекциядан барынша қорғауға шақырамын, – деді №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Мағжан Сиджанов.

Айта кетейік, бүгінде модульдік аурухананың инфекциялық стационарында 195 науқас коронавирус инфекциясына қарсы ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз