Атырауда «Еңбек күні» аталып өтті

filarmoniya Жаңалықтар

Марапатқа лайық адал еңбек. Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек күні» аталып өтті.

filarmoniya

Өз сөзінде аталған бірлестік төрағасы Саламат Еламанов жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау өте маңызды екенін атап өтті. Осы орайда, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы қарапайым еңбек адамдарының үлесі айтарлықтай зор. Олар кәсіподақ ұйымына мүше болып қана қоймай, өзі қызмет ететін мекемедегі және өңірде өтіп жатқан түрлі қоғамдық шараларға белсене атсалысып келеді.

Осыдан кейін аймақтық кәсіподақтар орталығының басшысы бір топ белсенді ұйым қызметкерлеріне облыс әкімі мен мәслихаттың Алғыс хаттарын табыстап, бірқатарын республикалық кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен марапаттады.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз