Шағын футболдан «Атырау-Ақпарат» құрама командасы қола медаль жеңіп алды

e2ad6d2b 599b 4e11 817e 253391eed6ef Жаңалықтар

Шағын футболдан “Атырау-Ақпарат” құрама командасы журналистер арасында өткен жарыста қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды AtyrauPress.kz

“Атырау-Ақпарат” құрама командасы журналист, спорт комментаторы Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған  турнирде үшінші орынға ие болды. 

Топтық бәсекеде біздің команда Қазақстан РТРК алматылық филиалының ойыншыларын 4:0, ал  «Жамбыл ТВ» – 2:1,  «Хабар 24» командаларын – 3:0 есебімен жеңіп, плей-офф ойындарына жолдама алды.  Ойынның ширек финалында біздің команда “31 медиахолдингінің” құрама командасымен кездесіп, 2:0 есебімен басым түсті.  Жартылай финалда “Қазмедиа” командасымен болған ойынды 0:1 есебімен аяқтады. 

Турнир қорытындысы бойынша, “Ақмешіт” командасы алтын, ал “Қазмедиа” күміс медальға ие болды. Ал “Атырау-Ақпарат” командасы 3:1 есебімен спорт  журналистерінен оқ бойы озық шықты.  

“Атырау-Ақпарат” командасы демеушілік көмек көрсеткен қалалық мәслихаттың депутаттары Хамит Қонарбаев пен Бауыржан Әжіғалиевке алғысын айтады.

ЭЛЬМИРА МЫҚТЫБАЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз