ЖаңалықтарШаһар шырайыҚұқық
Атырауда «Атырау Су арнасының» басшысы ұсталды
Атырауда «Атырау Су арнасы» КМК басшысы Андрей Ташлыков ұсталды. Бұл туралы редакциямызға облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
«Атырау Су арнасы» КМК басшысы А. Ташлыковты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР Қылмыстық кодексі 189-бабы 3-бөлімі 2-тармақшасы («бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін талан-таражға салу немесе иелену») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған.
Тергеу мүддесіне сәйкес, толық ақпарат әзірге хабарланбады. Баспасөз қызметі кейінірек қосымша ақпарат ұсынуға уәде етті.
Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ