Күй абызын еске алды (+ФОТО)

«Әз-аға, қазағымның күй абызы…» Осындай тақырыпта облыс әкімдігінің қолдауымен және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Халық әртісі, көрнекті күйші Әзидолла Есқалиевты еске алу кеші өтті.

44308410_344998349379264_7606060616456863744_o

44232069_344998319379267_2268120466071748608_o

Шара шымылдығы оның өмір жолы баяндалған бейнероликпен ашылды. Содан кейін Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрының әртістері театрландырылған шағын көрініс қойды. Кеш барысында сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Саламат Сабыр дарынды күйшінің есімі ел есінде мәңгі жатталатынын, оның мол мұрасы кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге болып сақталатынын атап өтті.

44306931_344997272712705_4060122079142346752_o

Келесі сөз кезегін алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов Әз-ағаның домбырада ойнауының өзі ғажап құбылыс болғанын, өзі де өнерге бір табан жақын екенін жеткізді. Содан соң, еліміздің еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Айтжан Тоқтаған даңқты өнерпаздың қызығы мен қиындығы қатар өрбіген өмір мен өнер жолына тоқталды. Артынша Құрманғазының «Айда бұлбұл, Айжан-ай!» шығармасын нақышына келтіре орындап берді.

44141313_344996612712771_8853975802534952960_o

Әзидолла Есқалиев ұстаздық ете жүріп ауыл жастары үшін «Домбыра үйрену мектебі» атты оқулық та жазған. Сол кезде домбыраны жаңа үйреніп, сахнаға алғаш шыққан екен. Кейін қазақтың өлмес өнерін барша әлемге әйгілі етті. Осы орайда, кешке арнайы келген республикамыздың еңбек сіңірген артисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Үлкенбаева ескірмес естеліктерімен бөлісті. Көпшіліктің сұрауымен Құрманғазының «Жігер» күйін де шертті.

44274898_344998049379294_8850286455692460032_o

44245492_344996936046072_74813515637981184_o

«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері,  «Бозторғай», «Шабыт» халықаралық байқауларының ұйымдастырушы директоры Қарлығаш Әбдукәрімова ыстық лебізін жолдады. Ал, еліміздің Мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Ермек Қазиев Сейтектің «Ортпасын» орындады.

44393507_344997982712634_3049599137197588480_o

44315828_344996646046101_8008881390080753664_o

Жас домбырашылар мен күйшілерді іздестіру мақсатында Атырауда екі жылда бір рет Әзидолла Есқалиев атында республикалық «Алтын домбыра» күй байқауы өткізіліп келеді. Оған әр жылдары қатысқан бас жүлде иегерлері – халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Нұржан  Тәжікенов, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері Абылай Тілепбергенов,  А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп интернатының 12 сынып оқушысы Дастан Қазкенов сахна төрінен табылып, өнерлерін паш етті.

44351683_344997752712657_6291418582244917248_o

44327506_344997542712678_981609471216189440_o

Сондай-ақ, еліміздің Мәдениет қайраткері Рахила Құлсариеваның дирижерлігімен Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі  Динаның «Әсем қоңырын», Құрманғазының «Машинасы» мен «Алатауын», түрлі байқаулар жеңімпазы Ринат Ғимранов «Балқаймақ» туындысын орындап берді.

 

Гүлдана ЕРЛАНҚЫЗЫ.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз