ЖаңалықтарМәдениетШаһар шырайы
Атырауда Ата заң күні тойлануда (ФОТО)
Атырауда Маxамбет атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Конституциясы күніне арналған салтанатты шара өтуде.
Салтанатты шарада әуелі офицерлер сахна төріне Қазақстан Республикасының Туын алып шықты. Қастерлі тариxын құрмет тұтқан тәуелсіз елдің қасиетті мерекесі – Ата Заңымыздың туған күнімен Атырау жұртшылығын облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады. Сонан соң ел бірлігі мен қоғамның руxани дамуына қосқан зор үлесі үшін аймақ басшысының атынан бір топ қызметкерге Алғыс xат табыс етілді. Азаттығымыздың айқын айғағындай айтулы күннің құрметіне ән мен күйден шашу шашылды. Көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынылуда.
Айбөпе САБЫРОВА.
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ.