«Атырау – Ақпарат» ұжымы қар күреушілерге тосыннан сый жасады (+ВИДЕО, ФОТО)

2021 02 18 84774155 58ca 4804 8e8a cef9604d776b Жаңалықтар

Бүгін, 18 ақпан күні атыраулық жастар қар тазалаушы жұмысшыларға ыстық тағам мен шәй таратты. Акцияны «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі мен Coffee River компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Атырау қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін қаладағы қар тазалау жұмыстарына 90-нан аса жұмысшы мен  22 бірлік техника жұмылдырылды.

«Қазіргі таңда Азаттық, Әуезов, Сәтбаев, Абай, Құрманғазы және Владимировский көшелерінде қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түстен кейін қосымша тағы 5 техника шығаруды жоспарлап отырмыз», – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы түстен кейін тағы жалғасын табады. Барша Атырау жастарын іс-шараны ары қарай жалғастыруға шақырамыз!

«Аtpress.kz«

2021 02 18 52b4cbb1 48db 4539 a308 efc29c24dece
2021 02 18 4a5bf2cc a48d 4216 a611 2f1b0aa74096
2021 02 18 074017873500
2021 02 18 074020974600
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз