Атырауда 20 жаңа автобус пайдалануға берілді
Атыраудың шеткері шағынауданының тұрғындары үшін 20 жаңа автобус сатып алынды.
«Жаңа автобустар Нұрсая ықшамауданының тұрғындарына қызмет етпек. Бүгінде бұл ауданға 30a, 4 және 4 «экспресс»маршуттары ғана қатынайды. Барлық қоғамдық көліктер «АйстрансХолдинг» ЖШС-ға тиесілі. Тұрғындар автобустардың жетіспеушілігін және қоғамдық көліктерде сығылысып жүргендерін айтып шағымданған. Тасымалдаушы компания басшылығына көліктер санын арттыру жөнінде нұсқау берілді. Осылайша «АйстрансХолдинг» 20 жаңа автобус сатып алды. Нұрсая ықшамауданындағы автобус жетіспеушілігі шешілді деп санаймыз», — дейді қаланың көлік, энергетика және байланыс секторының басшысы Қуаныш Ибрагимов.
Басшының айтуынша, алдағы уақытта тағы да мониторинг жүргізіліп, қоғамдық көлік жетіспеушілігі толық жойылған-жойылмағаны анықталатын болады.
Хорлан СМАДИЯР