Атырауда педагогтардың облыстық форумы өтті

Форум Білім

Мереке қарсаңында Салтанат сарайында педагогтардың облыстық форумы өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған форумға облыс орталығы мен аудандардан төрт жүзге тарта мұғалім мен сала ардагерлері қатысты.

Форум

Форумды облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев ашып, білім беру саласында жоғары көрсеткіштермен алдыңғы қатардан көрінген ұстаздарды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Сондай-ақ, Атырау өңірінің оқу-ағарту саласында, ұрпақ тәрбиесiнде ұзақ жылдар бойы үздiксiз еңбек еткен  ұлағатты аналарды да ұлығылап, оларға бағалы сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етті.

Форум2

Облыстық мәслихат хатшысы Сағындық Лұқпанов құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымының бір тобына  Алғыс хат  тапсырды.

Мерекелік шарада Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясының жас таланттары өнер көрсетті.

Айгүл СОЦИАЛҚЫЗЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Гаухар Жалмұқашева

    Керемет шара болды. Ұлтты тәрбиелеп отырған ұстаздар қандай құрметке де лайық. Еңбекті ескерусіз қалдырмай, мерекелік көңіл-күй сыйлаған басшылыққа алғысымыз шексіз. Индер ауданындағы барлық оқу орындары директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары да қатысқан болатынбыз. Индер аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері Гүлайым Жаңбырбаева арнайы Алғыс хатқа ие болды. Ардагер ұстаздардың құрметке бөленуі тіптен ерекше сәт болды.