Атырауда жыл басынан бері 23,4 млн тонна мұнай өндірілді

1428485584 rd kmg 1 1 Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша, Атырау облысындағы мұнай өндіру көлемі 23,4 млн тонна немесе салыстырмалы кезеңнің 99,8% құрады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инноваиялық даму басқармасы басшысының м.а. Қаныш Мәмбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, өңірдегі ірі мұнай-газ жобасы – Теңіздегі мұнай өндіру көлемі 13,5 млн тоннаны құраса,»НКОК» компаниясының өндірген көлемі – 7,4 млн тонна. «Ембімұнайгаз» АҚ 1,2 млн тонна мұнай өндірген.

  • Сондай-ақ, «АМӨЗ» ЖШС 2 586,7 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,2% көлемінде мұнай өңдеген. 2021 жылғы қаңтар-маусымдағы мұнай өңдеу жоспары – 2589,7 мың тонна, – деді Қаныш Мәмбетов.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз