Атырау мен Астрахан арасындағы жолдың құрылысы қашан басталады?

Ke es Жаңалықтар

Атырау мен Астрахан арасындағы жолдың құрылысы қашан басталады? Оның кешігуіне не себеп? Осы сауалға салалық министрдің өзі нақты жауап бере алмай отыр.

Кеңес

Сейсенбіде өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев министрлерді құрылыс жобалары бойынша келіссөздерді ұзақ жүргізетіндері үшін сынға алды. Әсіресе, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбекке оңай болмағанға ұқсайды.

Бүкіләлемдік банктен қарыз алу туралы келісімді әлі мемлекеттік органдардың қабылдауы қажеттігі туралы жазылған. Ислам банкімен де дәл сол жағдай. Қанша уақыт келісімге келуге болады? Мұнда 42 миллиард теңгенің игерілмей қалу қаупі төніп тұр. Ислам банкінен, Бүкіләлемдік банктен алынатын қарыздар. Әлі күнге дейін мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Келіссөздер аяқталғанда, қыс та келіп қалады, – деген еді Б.Сағынтаев.

Алқалы жиыннан соң министр Жеңіс Қасымбек мәселенің мәнісіне тоқталды.

«Отырыс кезінде бірнеше жоба жайлы айтылды. Олардың барлығы осы жылдың екінші жарты жылдығында қабылданады. Олар – Отар-Ұзынағаш, Бал-қаш –Бурылбайтал. Осы жолдар бойынша Бүкіләлемдік  банкпен жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ, Қазақстанның батысында екі жоба бар: Ақтөбе-Қандыағаш пен Атырау-Астрахан жолдары. Осы екі жоба бойынша Ислам банкімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, – деді Үкімет мүшесі.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшылары Астрахан-Атырау-Ақтөбе аралығындағы және жергілікті жердегі өзге жолдардың құрылысы туралы кеңірек айтып беруге келісті.

Азамат БАЗАРБАЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз