Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Атырау қаласының күніне орай қандай шаралар өтеді?

Жыл сайын қазан айын атыраулықтар  асыға күтетіні белгілі. Себебі, 14 қазанда Атырау қаласының күні тойланады. Осынау атаулы мерекеге орай жергілікті әкімдік бірқатар мәдени-көпшілік шараларын ұйымдастырып отыр. Сонымен, қала күніне орай қайда, не өтеді?

avtodorozhnyj-most-cherez-ural-atyrau-10

3 қазан күні, сағат 10:00-де «Сұлулық әлемді құтқарады» атты халықаралық суретшілер симпозиумының ашылу салтанаты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өтеді.

4 қазан күні, сағат 11:00-де «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында балалар шығармашылығына арналған қалалық «Жас дарын» байқауы болады.

Ал, 5 қазан, сағат 09:00-де «Сарайшық» коммуналдық базарында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі, 11:00-де «Ренессанс» қонақ үйінде Атырау қаласы әкімінің кубогі үшін шахматтан ашық турнир, 14:00-де  «Қ.Смағұлов» атындағы алаңда «Сұлулық әлемді құтқарады» атты халықаралық суретшілер симпозиумына қатысушылармен шеберлік сағаты, 15:00-де «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында «Біз бәрін жасай аламыз!» мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы қалалық фестиваль, 16:00-де «Атырау» спорт кешенінде дзюдодан Атырау қаласы әкімінің кубогы, ал «Тұрғындар қалашығы» саябағындағы амфитеатрда әуесқой жастар театрының «Ауылдағы Petro Party» атты мюзиклі сағат 18:00-де өтеді.

6 қазан күні, сағат 09:00-де «Авангард-3» мөлтек ауданындағы «Технодом» сауда орталығының алдында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі, сағат 17:00-де «Балықшы» ықшам ауданындағы «Жастар» мәдениет сарайында заманауи көше билерінің ашық фестивалі, сағат 19:00-де облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Ш.Сариев атындағы көркемсурет, қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Музей түні» көрмесі болады.

7 қазан күні, сағат 10:00-де қала күніне арналған велошеру ұйымдастырылады. Маршруты М. Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрынан бастап Махамбет, Азаттық, М. Әуезов, З.Ғұмаров, Қ.Сатпаев көшелері бойымен жаяу жүргіншілер көпіріне дейінгі аралықты қамтиды. Кейін, сағат 11:00-де облыстық әкімдік ғимаратының маңында байдарка мен каноэ есуден қалалық турнир басталады. 15:00-де «Исатай-Махамбет» алаңында «Арайлы Атырауым!» мерекелік бағдарламасы мен «Туған жерге тағзым» атты қалалық конкурстар лауреаттарының концерттік бағдарламасы өтеді. Сондай-ақ, сағат 15:00-де М.Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында Әзірбайжан, Грузия, Қазақстан мен Ресей Федерациясы қоғамдық бірлестігінің «Дос жүрегін шекара бөле алмайды!» атты VI Халықаралық өнер фестивалі өткізіледі.

8 қазан күні, сағат 09:00-де қалалық әкімдік пен «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданы аралығында «Атырау кросс» жүгіру марафоны ұйымдастырылады деп күтілуде.

14 қазан, сағат 11:00-де «Тұрғындар қалашығы» ықшам ауданында «Ретро» саябақ және «Дос-Мұқасан» кіші архитектуралық нысаны ашылады. Сағат 19:00-де Атырау облыстық әкімдік ғимаратының алдындағы «Сұлтан Бейбарыс» алаңында «Атырау – арман қала» тақырыбындағы халықаралық фестиваль лауреаттары мен Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт болады. Ал, мерекелік отшашу осы алаңда сағат 21:30-да ұйымдастырылады деп жоспарланған.

 

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button